Ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық байқауға 29 әдіскер-оқытушы подкаст ұсынды. Аталған сайыста жерлесіміз, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнәр Есепбаева жүлделі үшінші орынға ие болды. Айта кетерлігі, осы Республикалық байқауға ұсынылған радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Қорыта айтқанда қазіргі уақыт тоқтаусыз, сәт сайын дамуымызды талап етеді. Әлбетте, әрбір сағатты, әрбір бізге берілген мүмкіндікті мүлт жібермеуге тиіспіз. Яғни қоғамдық көлікте кетіп бара жатып та тіл үйренуге, кітаптардың мазмұнымен танысып, жаңа инновациялық идеяларды игеруге болады. Ол үшін «подкастинг» терминімен таныс болсаңыз жеткілікті. Подкаст — дыбыстық жазба. Жанды, эмоцияны еркін білдіру арқылы тың деректермен бөлісе отырып, тыңдарманның қызығушылығын, күткен нәтижесін бере алу.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.