Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үздік түлектерін онлайн құттықтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, 77 жылдық тарихы бар оқу орны биыл Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының рейтингісі бойынша үшінші орынды иеленсе, әлемдік рейтингте ТОП 500-ге еніп отыр.2019-2020 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 5248 маман түлеп ұшқалы отырса, оның 362-сі үздік дипломға бітіріп отыр.

«Құрметті түлектер! Сіздерді мамандық иесі атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үздік диплом алуларыңызды еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз деп санаймын. Өмірге алған жолдамаларыңыз тек сәттілік әкеліп, жемісін берсін!» — деп қала басшысы ізгі тілегін білдірді.Қазіргі таңда оқу ордасында 1577 профессор-оқытушы білім береді. Оның ішінде 22 академик, 500-ге жуық ғылым кандидаты, 102 ғылым докторы бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.