Бұл туралы Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция капитаны Төлеген Боранбаев мәлім етті.

– Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанымен 25 мамырға дейін қала аумағында карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты, Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атқаруда. Олар қызметтік планшеттермен автокөліктерді және азаматтарды тексеруде. Сергек блок-пост деректер қорында бар автокөліктер мен азаматтар кедергісіз өтуде, ал базаға тіркелмеген автокөліктер мен азаматтар кері қайтарылуда. Мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін азық-түлік және қажетті заттарды тасымалдайтын жүк автокөліктері кедергісіз өтуде.

Аталған бұғаттау бекеттерінде өту тәртібі, шектеулер және талаптар сақталған. Ондағы қызметкерлер үш аусымда тәулік бойы жұмыс атқаруда, – дейді жауапты маман. Осылайша Шымкентте блок бекеттер жұмысын жалғастыруда.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.