2020 жылғы 21 мамыр, сағат 09:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен.
Оның ішінде 284 214 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 272 436 азаматтың өтініш бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған болатын.
Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 214 азаматтың ішінде 272 436 өтініштер бойынша, ал, 12 778-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 283 897 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған. Мақсат: халыққа қысыл таян шақта қолдау көрсету болып табылады.
Айта кетейік, мәселен кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен. Осылайша Шымкенттік 284 214 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды