Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 төсек-орынға лайықталған.

Орталықта невралогиялық ақауы бар және кардиохирругиялық, ортапедиялық отадан кейін балалар оңалту емін алады. Бұл үшін мұнда медицина мамандары балаларға физиотерапиялық емнен бастап, гидроәдіс, массаж және логопед пен психологтың қызметін көрсетеді. Сондай-ақ емдеу мекемесінде мамандар монтессори жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Тағы ескерерлігі, өз еркімен қимылдай алмайтын балалар арнайы анықтама қағазы арқылы ата-анасымен келіп орталықта ем қабылдай алады.Оңалту орталығында 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетіледі.

Жалпы Оңтүстік өңірінде 2500-нан астам бала неврологиялық аурумен арнайы есепте тұрады. Дәрігерлердің мәліметі осындай. Бұған дейін бұл балғындар оңалту емін алу үшін Астана қаласындағы балаларды оңалту орталығына, Алматыдағы неврологиялық ауруханаларға баруға мәжбүр еді. Бүгінде Шымкент қаласында балаларға арналған 2 неврологиялық орталық жұмыс жасайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.