Абай ауданы аумағындағы темірлан тас жолы мен мангелдин көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарының карантин талаптарын сақтауы бойынша абай ауданы әкімдігі және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы бірлесе мониторинг жасады.

тексеру барысында талапты сақтамаған кәсіпкерлерге ескерту беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ескерте кетейік, енді карантин талаптарын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. жеке тұлғаларға 30 аек мөлшерінде, ал бизнес субъектілеріне 230 аек немесе одан да жоғары мөлшерде айыппұл салынатын болады.

Қоғамдық тамақтану орындарынада өзіндік талаптары бар. Санитайзерлер қойылып жұмысшылар бетперде бір реттік қолғап киіп жүру керек. Айтқандай қалада  көкөніс піскелі көше бойында сауда жасаушылар көбейген. Сауда нүктелерінде санитарлық талаптар сақталмауы өз алдына, тіпті сауда жүргізуге рұқсат қағаздарыда жоқ жерлер бар. Мониторингтік топ күндіз-түні қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басты мақсат біреуді тұқырту емес карантин талаптарын сақтау,дейді шараны ұйымдастырушылар.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.