Конференцияда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев және ОҚМПУ-ның «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев өзінің тұшымды ойымен бөлісіп, бас қаланың архитектуралық ерекшеліктерін атап өтті.

Сонымен қатар, жастар өкілдері атынан сөз алған «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры С. Байзахова елорда болашақтың, жастардың қаласы ретінде елдігіміздің тұғыры болып келе жатқанына назар аударды.Сонымен қатар конференция барысында арнайы баяндама оқылып, Ел тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Шымкентте Елорда күніне арналған барлық іс-шаралар онлайн форматта өтті. Атап айтар болсақ, елорда күніне орай Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын елорда күнімен құттықтады. Іске қосылған өндірістік нысандардың жалпы құны 2,5 миллиард теңге. Соның нәтижесінде жалпы 288 адам жұмыспен қамтылған.Сонымен қатар шымкенттік өнерпаздар мерекеге орай әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен мерекелік ән-шашу жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желі арқылы к өрермендерге ұсынылды. Ал, зиялы қауым өкілдері, Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.