Шымкенттегі Ю.Сареми атындағы №107 мектеп лицейінде бүгін ағылшын тілінің мұғалімдеріне арналған конференция өтті.Мұнда, мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін әрі қарай дамыту мақсатында интернет желісіндегі әдістемелік тегін материалдар, сонымен қатар, АҚШ тарапынан ұсынылатын степендиялық бағдарламалар туралы нақты ақпараттар берілді. Кеңеске ағылшын тілін ана тіліндей меңгерген

ағылшын тілі бойынша аймақтық кеңсенің көмекшісі, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінен Асем Бекимова, «GES»оқу орталығының директоры, әдіскер, ағылшын пәнінің мұғалімі Дилором Мирсалимова, сондай-ақ , «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ағылшын тілі бойынша ғылыми қызметкері Ванда Симпсон, «Фулбрайт» бағдарламасы бойынша ағылшын маманы Джошуа Дюфер қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.