Жастардың жалпы және репродуктивті денсаулығын сақтау, құқықтық мәселелер бойынша жастардың өзекті проблемаларымен таныстыру, күнделікті және өмірлік қиын жағдайларда өзін-өзі ұстау моделі мен өмірлік позитивті ұстанымдарды қалыпастыру мақсатында Шымкент колледждерінде жұмыстар атқарылуда.
Ұл-қыздарымыз салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын түсінбегендіктен жағымсыз іс-әрекеттерге бой алдырып жатады. Сондықтан да, рухани құндылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыруды оқу-тәрбие үрдісінде басты мәселеле ретінде қарастырып отыруымыз қажет.

Осы және жастар тәрбиесіне байланысты басқа да өзекті мәселелерді ортаға салған арнайы мамандар – Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының атқарушы өкілі Сисемалиев Райымбек, Қазақстандағы Y-PEER тең құқықты оқыту жастар желісінің жетекшісі Олжабай Айым және т.б статистикалық деректерді алға тарта отырып, мұндай келеңсіздіктерді болдырмау жолдарына атап өтті. Семинарды қорытындылай келе, еліміздің іргетесын құраушы жас буын азаматтарымыздың дені сау, қандай да мәселеге өзіндік көзқарасы бар жарқын тұлға болып қалыптасуы қоғам үшін маңызды екендігі атап өтілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.