«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:

1.Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2.Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау;

3.Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

4.Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жариялайды.

Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер қатыса алады. Мемлекеттік гранттарды жеңіп алу арқылы, өз кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік беріледі.Байқау ашық конкурс түрінде өтеді. Қатысамын деп ниет білдіргендер болса, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына немесе фронт-офиске өз өтінімдері мен құдаттарын өткізулері тиіс.

Байқауға құжат қабылдау осы жылдың «15» маусымынан бастап «29» маусымға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
Пошталық мекенжайы: 160000.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-12, 24-74-27.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.