Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қаладағы үш жоғары оқу орнының базасында өтеді. ҰБТ өтетін жоғары оқу орындарының бірі — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақатан мемлекеттік университетінің базасы. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева университет базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысып шықты. Қазіргі таңдағы карантин ережелеріне байланысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы сөз болды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова 10 аудиторияның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай екендігін жеткізді.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, тестілеуге 8 570 түлек қатысады деп күтілуде. Мектеп бітірушілері FaceID бағдарламасының көмегімен фотосуреттерін сәйкестендіру арқылы аудиторияларға кіргізіледі. Бұдан бөлек, тест тапсыру орындарында оқушылар үшін қарапайым калькулятор беріледі. Ал тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылады. Тағы бір ескертетін жайт, карантин режиміне байланысты ата-аналары мен туыстарының қатысуынсыз өткізіледі

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.