Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес кәсіпкерлік нысандар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Сақталмаған жағдайда сауда орыны жұмысын тоқтатады. Мұның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан шаруалар. Осыны ескерген мамандар, шұғыл әрекетке көшкен. Дегенмен бүгінгі таңда осы қаулыға немқұрайлы қараған кәсіпкерлер әлі де кездесуде. Мәселен, » Көктем» базарына рейд жүргізу барысында мамандар бірнеше кемшіліктерді анықтады. Олқылықтарды жойғанға дейін бірнеше дүңгіршек жұмысын тоқтата тұруына тура келді.

Осылайша Шымкенттегі «Көктем» базарындағы дүңгіршектер уақытша жабылды. Жалпы халық көп шоғыраланатын жерлер түгелдей бақылауға алынып, қаупісіздікті қамтамасыз ету қолға алынуда. Карантин біткенге дейін жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қала тұрғындарын жұқпалы індеттен аман сақтау үшін ірі сауда орындары, азық-түлік сатпайтын орталықтар, кафелер, жәрмеңкелер мен базарлар жабылған болатын. Енді шаһардағы барлық саябақтар мен демалу орындарын жабу қажеттігі туралы шешім қабылдануы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.