Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 21-Қаулысы шықты. Бұл шешімге орай Шымкент қаласының барлық аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылдың 22 маусымынан бастап, 2020 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды.

Қаулыда Денсаулық сақтау басқармасына орай былай делінген:

1) Медициналық жедел жәрдем станциялары мен емханаларда call-орталықтарды ашу;

2) Медициналық жедел жәрдем станцияларының шұғыл және шұғыл шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

3) Меншік нысанына қарамастан, Шымкент қаласында науқастарды қолда бар ресурстарды тарта отырып, КТ тексерумен қамтуды қамтамасыз ету;

4) Инфекциялық және провизорлық кереуеттердің талап етілетін санымен қамтамасыз ету;

5) Реанимациялық бөлімшелерді қысқа мерзімде қажетті деңгейге дейін толық жабдықтауды қамтамасыз ету;

6) Стационарларды медицина персоналымен, оның ішінде инфекционистермен, пульмонологтармен, реаниматологтармен, мемлекеттік емес сектор ресурстарын тарта отырып, орта медицина персоналымен толықтыру;

7) Үйдегі пациенттерге амбулаториялық-емханалық деңгейінде көмек: симптомсыз, ауырлығы жеңіл дәрежедегі және үй карантиніне, сондай-ақ, созылмалы аурулары бар отбасы мүшелеріне, әсіресе, егде жастағы пациенттерге сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, мобильді бригадалар) жүзеге асыру;

8) КВИ диагностикасы үшін қосымша ПТР зертханаларын, оның ішінде медициналық ұйымдардың базасында КВИ анықтауды ұйымдастыру;

9) Тестілеуді нақты белгілері бойынша ҚР БМСДҚ сәйкес өткізу;

10) Халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.