Үшінші мегаполисте «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі телевизиялық нұсқада өтеді. Салтанатты жиын қала күні мерекесімен де тұспа-тұс келді.

Көрсетілімнің алдында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов құттықтау-лебізін жеткізді.

Сонымен қатар ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының (МГЫҚ) Басқарма төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Әзірбайжан Республикасының өкілі Полад Бюльбюль оглы және МГЫҚ Басқармасының тең төрағасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесіндегі Ресей Федерациясының өкілі Михаил Швыдкой бейнеүндеулер жолдады.

Тележоба «Мир-24» халықаралық, республикалық телеарналарда және интернет желілерінде көрсетілді.

Сонымен қатар, қала күні мерекесі аясында жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде онлайн форматта көптеген танымдық, мәдени-сауықтық шаралар, поэзиялық сағаттар, фестиваль-байқаулар, көрмелер өткізілді.

Қала күні мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктер тұрғындарға тегін қызмет көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.