Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс жетінші сессиясы онлайн режимде өтті. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев және де қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары түгел қатысты. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Төреайым Сұлтанова төрайымдық еткен мәжілісте бес бірдей мәселе қаралып өтті.

Күн тәртібіне сәйкес қала әкімдігі жанынан құрылған бірнеше кеңестің дербес құрамы бекітілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі, инвесторлар кеңесі, «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесі, экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамы бекітілді.

Сонымен қатар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу мәселесі талқыланды. Осылайша қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында маңызды мәселелердің шешу жолдары қаралды.

Ал өзгерістер енгізу туралы қаралған барлық мәселелерді Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.