«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ — 3, Металлург саябағы — 3, Жеңіс саябағы — 3, Дендро саябағы — 3, Қошқар ата — 2.

Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау. Міне осылайша Шымкентте «Ақылды күнбағыс» жүйесі іске қосылды.

Жалпы қорыта айтқанда, Шымкент шахарында адамның қиялы мен арманындағы көптеген дүниелер шынайы өмірге айналып жатыр деуге болады. Оған дәлелді заттар да жетерлік. Соның бір айғағы «Ақылды күнбағыс» жүйесі.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.