Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында карантин режимін сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.К.Тулебаевтың №25,26 қаулыларының орындалуы бойынша, құзырлы мекемелердің тарапынан құрылған мониторинг топтың құрамымен аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Құзырлы мекемелердің қатысуымен жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында санитарлық-эпидемиялық талаптарды және шектеу шараларын сақтамаған кәсіпкерлік нысандарына бірнеше хаттама толтырылды.
Атап айтқанда, Қазыбек Би көшесі бойында орналасқан «Азия» кафесі және Ж.Ташенов көшесінің бойында орналасқан «ROZY_SHYM» дүкенінің егелеріне хаттама толтырылып, алдағы уақытта талаптар мен ережелерді қайта орындамаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатындығы ескертілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, құзырлы мекеме өкілдерінен құралған мониторингтік топ карантин режимі аяқталғанға дейін аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар мен дүкендерге үздіксіз бақылау жасайды. Сондықтан аудан әкімдігі кәсіпкерлерге сақтық шаралары мен карантиндік талаптарды қатаң сақтауға кеңес береді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.