Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлім етті.

— Биыл аудан аумағындағы “Азат”, “Ақжайық”, “Асар-2”, “Бозарық” шағынаудандары, “Бозарық” саяжайы мен “Орманшы”, “Мәртөбе”, “Қайнарбұлақ”, “Достық” тұрғын алаптарындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, “Тұран” шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. “Сайрам” тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар 4 көшеде 2018 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта аудандағы жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайтын 108 топырақ көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, — деді аудан әкімі.

Брифингте Абзал Әліқұлов биыл ауданда ауыз су, электр жарығы мен табиғи газбен қамту бойынша да жұмыстар қарқын алғанын тілге тиек етті.

— «Достық», «Азат», «Тұран» шағынаудандары мен «Сайрам», «Тассай» тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары атқарылуда. Аталған нысандарды тапсыру мерзімі 2020 жылдың соңына жоспарланып отыр. Бүгінде «Таскен» тұрғын алабының ескі электр жүйелерін жаңарту қолға алынды. Аталған жұмыстар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. «Асар-2», «Достық» шағынаудандары мен «Тассай» тұрғын алабын және «Азат» шағынауданының Жаңақұрылыс аумағы мен «Қайтпас» шағынауданы және «Достық» тұрғын алабындағы жеке меншіктен электр жарығын пайдаланып отырған аумақтарын сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Ал «Асар-2», «Достық», «Тұран» шағынаудандарын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары қарқын алды. Сондай-ақ, «Азат» шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары басталды, — деді Абзал Шымкентбайұлы.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.