«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС   мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе COVID-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетті.

Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан  алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласындағы провизорлық орталықтарда  3610 төсек-орын болса, оның 260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200-ге тарта науқас ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті  дәрі-дәрмектер мен тыныс алу  қондырғыларымен толық қамтылған. Қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.