Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы өкілдері «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне, жүріп-тұруына қолайлылығын тексеру жұмыстарын ұйымдастырды.
Жобаның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүруін жақсарту. Олардың әлеуметтік бейімделуіне қоғам назарын аудару.
Партиялықтар шаhардағы теміржол вокзалы және «Айна» базарындағы автовокзалды тексерді. Теміржол вокзалындағы дәретхана, баспалдақ, пандус өлшемдері арнайы талаптарға сай келмейді. Партиялықтар ескерту жасап, олқылықтардың орнын толтыру керектігін ескертті.

— Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау үшін арнайы мемлекеттік стандарттар қабылданған. Өкінішке орай, біз стандарттардың көп жерде дұрыс қолданылмағандығын қарап шықтық. Біздің мақсатымыз – тек қана оны айғақтап қана қою емес, осы мәселелердің алдын алу жұмыстарын жасау. Алдағы уақытта қалалық әкімшілікке, тиісті құзыретті органдарға арнайы хат жолдап, аталған мәселелерді тез арада жою жұмыстарын алдын аламыз», -деді Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова.
Қаладағы жаңадан салынған нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы ескерілген. Ал басқа да нысандарды қайта жарақтауды партиялық өз бақылауына алатын болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.