«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту үшін енгізілген  шектеу шараларының сақталуын бақылау жүргізу мақсатында  Шымкенттегі бірқатар көшелер, аялдамалар мен сауда орталықтарында бақылау жұмыстарын жүргізді.

Партиялықтар қаладағы  Жібек жолы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлікті жүргізушілерінің қаншалықты карантин талаптарын орындап жатқанын бақылап көрді.

Тексеру барысында темір тұлпар тізгіндегендердің басым бөлігінде карантин кезінде жүруге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Полицейлер тәртіп бұзғандарды кері қайтаруда. Әзірге ескерту алғандар қайта ұсталса айыппұл арқалап қайтады.

  • Карантин талаптары орындамаған көлік жүргізушілердің 90 пайызы кері қайтарылып жатыр. Осындай болмау үшін қала тұрғындарына айтарым, сылтау желеуді қойып үйде отырыңыз. Жайбырақат жүргендер өзіне де өзгеге де қауіпті, – дейді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігердің бұйрығы бойынша барлық азық-түлік дүкендерінің  жұмыс уақыты сағат 10.00-21.00 аралығында. Алайда, Күншығыс мөлекауданында екі азық-түлік дүкені сағат 10-00 болмай ашып, сауда жасап жатыр. Дүкен иелеріне төтенше жағдай режимін  толық орындау бойынша ескерту жасалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.