«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып, республикалық және аймақтық деңгейде жұмыс жүргізуде.

Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіріп жатыр.

Аталған қордың басты мақсаты СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.

«Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Партияның ұсынысына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы негізінде 7 категория бойынша аса мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек берілуде.

Қаладағы халықтың аз қамтамассыз етілген топтарын қолдау мақсатында аудан әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және қайырымдылық қорларымен бірлесіп, аса көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізіп,  арнайы тізімге жасақтаған. Шымкент қаласы бойынша 21864 отбасыға «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы 50 мың теңге берілді

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.