Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылады.
Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Күні кеше қаламызға 1 миллион бетперде келіп жетті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері гуманитарлық автокеруенымен Қайнарбұлақ елді мекеніне жолға шықты.
Партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер елдімекендегі әр отбасыға 50 данадан медициналық бетперделерді үлестірді.
Жалпы қала бойынша аталмыш көмекті 20 мың отбасы алады.