Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби аудандарындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты.


Сонымен қатар, Енбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол өткелі тұрғындарына да маскалар үлестірілді.
Бүгін  партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тарапынан 270 мың маска таратылды.

Жалпы қала бойынша 3 күнде 870 мын маска тегін таратылды

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.