Вирус жұқтырғандар 1982, 2020, 1976, 1983 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус жұқтырған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 03.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 210 адам анықталды.

Жалпы коронавирустың таралуына байланысты әлем бойынша сақтық шараларына баса назар аударылып отыр.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда коронавирусқа шалдығу фактісі бастапқыда тіркелген жоқ. Қытайдан келген барлық адам әуежайда арнайы құрал-жабдықтармен тексеріліп өтті. Тұмауы бар бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Ал денсаулық сақтау министрлігі алдын алу шараларын күшейтіп, 4 миллионға жуық бетпердеге тапсырыс берген болатын. Бұдан бөлек, ауруға шалдыққандарды тасымалдауға арналған 30 капсула сатып алынды. Республика бойынша орналасқан инфекциялық ауруханаларда қосымша кереуеттер қойылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.