Ардагерлерді ардақтайық! «Nur Оtan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында  Шымкент қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ҰОС ардагерлерінің үйіне барып, құрмет көрсетті. Ардагерлерге партия атынан сый-сияпат жасап, Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтауын жеткізді.

Бұл күні, ардагерлер келген қонақтармен өткен күндерін еске алып, тарих беттерінен сыр шертті. Сұм соғыс мәңгі естен кетпейді. Әр жыл сайын бүгінгі ұрпақ, жауынгерлер ерлігін насихаттап, ардагерлерге құрмет көрсетеді.

Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз  Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын соғыста бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. 

 Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталып, үздіксіз 5 жылға созылды. Сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Миллиондаған азамат қолына қару алып, қан майданға аттанып, елі мен жері, болашақ ұрпағы үшін жан тапсырды

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.