«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы атынан сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау Жеңістің жемісі. Бүгінде Қарулы Күштеріміз ел мен жерді қорғап, жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін көрсетуде. Біз Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігіне қашан да құрметпен қараймыз. Қатыгез жауға қарсы гуманизм мен бейбітшіліктің салтанат құруы жолындағы күресте қол жеткізген Жеңістің жалпы адамзаттық маңызын терең сезінеміз және жоғары бағалаймыз. Жеңімпаздар ерлігі  болашақ ұрпаққа мәңгілік үлгі болып қала бермек. Қадірлі ардагерлер! Біз Сіздерді әрдайым мақтан етеміз, құрмет тұтамыз, ерліктеріңізге тағзым етіп, бас иеміз. Ел Тәуелсіздігі мен тұтастығын, тыныштық пен бейбітшілікті қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.