«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық және Абай аудандық партиялық бақылау комиссиялары мүшелері бірлесіп Шымкент қаласы, Водопьянова көшесі №1а үйдің құрылысы барысымын танысып қайтты.

Құрылысты «Отау строй» ЖШС-гі жүргізіп отыр. Қазіргі таңда құрылыс аумағында 70-тен аса жұмысшы қызмет етуде. Нысан 5 қабатты 85 пәтерден тұрады.
Тұрғын үй пайдалануға берілгенде бірінші болып 2019 жылы маусым айында өрттен зардап шеккен 45 отбасыға беру жоспарланып отыр. Демек көп ұзамай тілсіз жаудан зиян шеккендер баспаналы бақытты жандардың қатарын толықтырады деген сөз. Үміт армандарына қол жеткізетіндерін іштей сезіп жүргендердің қуанышында шек жоқ. Ал ең бастысы құрылыс барысы партиялықтардың бақылауында.

Қазіргі таңда аталған тұрғын үйдің барлық қабаты көтеріліп, ішкі бөлмелерге сантехникалық және электр жүйелерін тарту жұмыстары мен сыртқы қасбетін (фасад) қаптау жүргізілуде.

Нысан толығымен пайдалануға берілгенге дейін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының тұрақты бақылауында болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.