Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында хабарлады Шымкент келбеті.

– Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқыладым. Қалаға кіреберіс ерекше, заманауи мегаполиске кіріп келе жатқаныңды сездіретіндей болу керек деп есептеймін.

Сонымен қатар, Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының екі жағынан да арналар орнатылуда. Жауын-шашын кезінде жауын суы сол арналарға құйылады да, жолды су басу болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ, деп атап өтті қала басшысы.

Қосымша айта кетер болсақ, халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, қала халықының саны әлдеқайда көп. Жалпы Шымкент атауының шығу тарихы мен оның мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші-ғалымдар таба алмаған. Біреулер қала атауы «қала-бақ», «жасыл қала» десе, біреулер «жердің бет қабатымен қапталған қала» дейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.