Шымкент қаласы мәслихатының Жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау комиссиясының онлайн режимді мәжілісі болып өтті. Депутаттар мәжілісте күн тәртібіндегі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы 59 мәселені қарады.
Жиында Шымкент қаласы әкімдігінің құрылысы мен Бас жоспарды дамыту мақсатында мемлекеттік қажеттіліктерге арналған жер телімдерін алу жөніндегі Жер қатынастары басқармасының басшысы Әшірбеков Берік Айдарұлының баяндама жасап, нақты жағдайға шолу жасады.
Жеке меншік иелерінен алынған жер телімдері Шымкент қаласы мұнай құбырының санитарлы-қорғау аймағында және қоғамдық сервитутта орналасқан аумағына түсуіне және жол құрылысы аумағына түсуіне байланысты мемлекет мұқтажына қайтарылды. Сонымен қатар, алынған жер телімдеріне 1200 орындық мектеп құрылысы мен көп қабатты тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар салынатын болады.
Жер учаскелері тәуелсіз бағалау компаниялары арқылы бағаланып,меншік иелерімен барлық келіссөздер қолданыстағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес жүргізілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.