Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды.Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады.Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктер пайдалану міндеттеледі.Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени көпшілік іс-шаралар, конференция, семинар, көрме және т.б) өткізуге тиым салынады.Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы объектілер (сауда саласы, қызмет көрсету, қаржы және т.б,) үшін жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі.Айта кетейік, бұл COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырған шара. Шымкент қаласының әкімдігі барлық қала тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.