«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына жасаған іс-сапырында «Азат» шағын ауданы тұрғындармен кездесіп, ауданның инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау мақсатында  тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп  шағын ауданындағы атқарылып отырған жұмыстардың барысымен танысты.

«Азат» шағынауданында ауыз су жүйелерінің құрылысын «Сарыағаш-Аман» ЖШС 2020 жылы 15 мамыр айында бастап, қараша айында пайдалануға береді.

Шағынаудандағы электр жүйелерінің құрылысын «А.Мерей и К» ЖШС ағымдағы жылдың мамыр айында бастады. 2020 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған.

Ал  табиғи газ жүйелерінің құрылысын «Ынтымақ бес арыс» ЖШС жүргізіп,  ағымдағы жылдың қараша айында қолданысқа береді.

Шағын аудандағы жаңа құрылыс аумағының үш негізгі көшесінің құрылысы 15 тамызда аяқталады.Алдағы уақытта да осы мәселелер партияның жіті назарында болмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.