25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 606 азамат тіркеліп, 218 науқас емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін пандемиядан 6 адам көз жұмған болатын.
Мәселен өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады.  Ал індеттің бір тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады.

Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і жергілікті жерден шыққан.

«COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар, 88% (532) ересек азаматтар.

Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл және 11-і-жағдайы ауыр, орташа жағдайда 75 адам.

Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі мамандардың қатаң бақылауында.
Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды. Осылайша шымкентте 218 науқас коронавирустан емделіп шықты

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.