Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Шымкентте егістік көлемі 1000 гектарға артқандығын мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,0 мың га көп. Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар — жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 — теңгеге төмендетілді. Бағаның арзандатылғаны фермерлер мен егіншілікпен айналысатын  шаруалар үшін өте тиімді болды.

Ал минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105,1 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1,0 мың тонна тыңайтқыштар 50,3 млн.теңгеге субсидияланды. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударған қала басшысы Мұрат Әйтенов құжаттары жоқ егістік жерлер мен сегментацияланған егістік алқаптарды заңдастыру жұмыстарын қадағалауға алуды және игерілмеген егістік жерлер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.