Шымкент қаласына кіреберістеріндегі блок-бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.

– Блок-бекеттер мәселесі бойынша тұрғындардан көптеген сауалдар келіп жатыр. Дегенмен, елімізде 11 мамырда төтенше жағдай алынғаннан кейін тұрғындар арасында карантин талаптары тиісті деңгейде сақталмауы салдарынан Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсті. 11-18 мамыр аралығында күніне ең жоғарғы көрсеткіш 77 адам болды немесе өсімі 28,8% құрады. Осы блок-бекеттерде сырттан келген 8 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондықтан Шымкент қаласына кіріп-шығатын жолдарға қойылған блок-бекеттердің жұмысы жалғасады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы баспасөз маслихатында.

Айта кетейік, қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 127 әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, 65 ескерту, 43 айыппұл, 19 әкімшілік қамауға алынды.

Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.