Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Қадірлі балалар!

Сіздерді 1 маусым – халықаралық Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің үмітіміз бен мейірімді істеріміз, сүйіспеншілігіміз бен қуанышымыз – барлығы балалар үшін!

Балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауына, саналы тәрбие мен сапалы білім алып, жан-жақты дамуына, бал дәурен шағын қуаныш пен бақыт құшағында өткізуіне қолайлы жағдай жасау — «Nur Otan» партиясы ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі.

Партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Жастар – Отанға» секілді жобалары осы мақсаттарды көздейді.

Еліміздің болашағы – жастардың, бүгінгі балалардың қолында! Сондықтан олардың дені сау, білімді, парасатты, еркін ойлы әрі отансүйгіш азамат, дегдар тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау бір күннің ғана жұмысы емес.

Түптеп келгенде Тәуелсіздікті қорғау, мемлекеттілікті нығайту, өндіріс пен экономиканы дамытуға бағытталған барлық реформалардың басты мақсаты – балаларымызға жарқын болашақ сыйлау!

Бақытты балалық шақтың ұясы — отбасы!

Олай болса, отбасы құндылықтарын насихаттау, балаларға зорлық-зомбылық жасалуына жол бермеу — баршамызға ортақ іс.

Қымбатты бүлдіршіндер!

Жайдарлы жаздың алғашқы күнінде келетін бұл тамаша мереке Сіздердің балдәурен шақтарыңыздағы ең қызықты әрі ұмытылмас сәттерге айналсын!

Сіздерге мықты денсаулық, зор қуаныш пен мол бақыт және жарқын болашақ тілеймін!

Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын!

Бахадыр Нарымбетов,

«Nur Otan»  партиясы Шымкент қалалық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.