Шырайлы қала Шымкентте арнайы бөлімше — туристік полиция жұмыс істей бастады. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді. Бүгінгі күні жаңа бөлімшенің жеке құрамында 25 адам бар.Туристік полиция қызметкерлері түнгі сағат 21:00-ден 1:00-ге дейін  жұмыс жасайды. Яғни Арбат, Орталық саябақ және Наурыз алаңы мен Қошқар ата өзенінің жағалауы сияқты қаламыздағы төрт ірі нысандарында қызмет атқарады. Айта кеткен жөн, бөлімшедегі полиция қызметкерлерінің міндеті қала туристері мен қонақтарына құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиға орын алса, полиция қызметкерлері қонақтарға көмек көрсетеді. Жалпы туристік полиция қызметкерінің негізгі міндеттері болып шетелдік азаматтардың жағдайын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік азаматтар көп жүретін жерлерде патруль жасау. Кез-келген сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру. Қорыта айтқанда қоғамдық тәртіпті сақтау және де қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.