Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ,  аялдамалардағы орындықтардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін арнайы солай етіп жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі  шалғай елд-імекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласына жаңадан қосылған елді мекендер санының артуына байланысты, өткен жылы қала бюджетінен 70 млн. теңге қаржы  бөлініп, 160 аялдама орнатылған болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.