Жыл сайын үйірлі шегіртке (Саяқ шегірткесі) тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары жүргізіледі.
Биыл Шымкент қаласында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шараларына жалпы 1 810 гектарға 5 430 мың тг. қаржы қаралды. Бекітілген кестеге сәйкес:
Абай ауданында — 680 га;
Әл-Фараби ауданында — 100 га;
Еңбекші ауданында — 400 га;
Қаратау ауданында — 630 га жүргізілетін болады. Айта кетерлігі бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық (2019 жылы — 400 га).
Бүгінгі таңда өңдеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша 2 980 мың теңгеге ЖК «Аккозов Б.Ж.» медігер болып табылып, тиісті жұмыстарын жүргізуде.
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін егіс алқаптарында алдын-ала анықтау-зерттеу жұмыстары қолға алынды. Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің қалалық филиалы және қалалық аумақтық инспекциясымен өзара бірлесіп анықтау-зерттеу жүргізді.
Химиялық өңделетін алқаптар аспалы және тіркемелі бүріккіштермен бүгінгі таңда қала бойынша 600 га жер теліміне өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жалғасуда.