Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:
Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу
Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;
Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады;
Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;
Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
Бөлмені жиі желдетіңіз;
Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.