Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді.

Атап айтар болсақ, аудан аумағында 419 көпқабатты үй және 1000 жуық көше бар. Бұл жерлердің барлығы бекітілген кестеге сәйкес күнделікті қарқынды түрде коронавирусқа қарсы дәріленуде.

Барлық дезинфекциялау жұмыстары кезең бойынша, тиісті дәрі-дәрмектермен атқарылуда.Залалсыздандыру жұмыстары өзге де аудандарда күшейтілді.

Сақтық шараларын сақтау мақсатында сала мамандары тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары жалпы саны 77 нысанды аралап, олардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шаралары жөнінде кеңестер берілді.

Сонымен қатар, қала аумағында аудандарда дезинфекциялау жұмысына №35748 әскери бөлімнің сарбаздары мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылған болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.