Шымкент қаласында коронавирусты алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді. Яғни, арнайы құрылған мониторингтік топтың тарапынан кәсіптік нысандарда сақтық шаралары күн сайын тексерілуде. Нәтижесінде, Абай ауданы бойынша түрлі деңгейдегі 450 хаттама толтырылған.

Аталған хаттама бойынша 2 миллионға жуық айыппұл салынған. Оның 45%-ы бюджет есебіне өндірілген. Ал қалғандары сотқа өткізілген.

Абай ауданында 426 дүкен, 152 қоғамдық тамақтану және 13 ірі сауда орны бар. Алдағы уақытта бұл 13 сауда орынның сатушылары төлем картаға өтеді.

Айта кетейік, аталған ауданда арнайы төрт мобильдік топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ, аудан аумағында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде.

Ескертетін жайт, егер санитарлық нормаларды сақталынбай, карантин заңдылықтары бұзылса, 30 АЕК айыппұл салынады. Одан бөлек, хаттама сот ісіне де өтеді. Шымкент қаласының әкімдігі карантин кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.