Еңбекші ауданы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мониторингтік топ қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды бақылауға алды. Алдымен №27, 150 және Ақсукент-Шымкент бағытында қатынайтын көліктердің жұмысымен танысып, тазалық талабын сақтамағандарға ескерту жасалды.

Сонымен қатар, сауда орындарына да рейд жүргізген мамандар, карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 78 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берді.Ал,
карантин режимін бұзған 2 сауда орынына хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, кәсіпкерлік нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуі қажет. Олай болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұған дейін, арнайы құрылған мониторингтік топ қоғамдық орындарға тексеру жүргізген болатын.Тексеру нәтижесінде мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар, Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.