Биыл Шымкент қаласында 256 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Солардың бірі — Әл-Фараби аумағында орналасқан Түркістан көшесінде (Әл-Фараби алаңынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта) мердігер мекеме «АЗИЯКОМПЛЕКССТРОЙ» ЖШС тарапынан 1,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
-Жолдың ені 14,7 метр, екі жағынан 1,4 кеңейеді. Қосымша жауын суы жиналатын құбыр орнатылуда, ағын су сонымен үлкен канал-арықтарға құйылады. Жол бойында асфальт, жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер жолы және бағдаршам мен аялдама, веложолақтар, арық жүйесі қарастырылған. , — дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.
Аталған көшелерде жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Құрылыс барысында жол шетіндегі жиек тастар алмастырылып, шағын ирригациялық жүйелер орнатылады. Қала әкімдігінің бұл бастамасын толық қолдайтынын жеткізген тұрғындар нысанның сапасына аса назар бөлінсе дейді. Қалада биыл Д.Қонаев даңғылы, Рашидов, Жанкелдин көшелері мен Әл-Фараби алаңының жолдары жөндеуден өтеді.