Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар емханаларда ем қабылдауда. Күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істеуде. Ал оларға қажетті дәрілер өз уақытында жеткізіліп отыр.

Сонымен қатар қаладағы дәріханалар мен ауруханаларға да дәрі-дәрмекпен қамтылуда.

Айта кетейік, халық денсаулығын нығайту мақсатында пневмания ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін мемлекеттік 26 емханада 314 төсек орындық күндізгі стационар ашылды. Бір төсек-орын күніне кемінде 5 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Яғни 1570 тұрғынды ем-дом шараларымен қамтиды. Ол үшін 39 дәрігер 57 медбике қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда «Зерде» компаниясының мәліметі бойынша дәрілердің барлығы келген. Осы ретте әлеуметтік желіде кіші дәріхана қызметкерлерімен ортақ тобымыз барын айтқым келеді. Бұл топ арқылы кез келген дәріханада қай дәрі таусылғанын біліп, шұғыл түрде жеткізіп отырмыз. Осы орайда дүрлігіп, рецептсіз босатылатын дәрілерді тым артық сатып алып жатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын! Бүгінде біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз, – деді Х.Дербесқызы.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.