Қаратау ауданы аумағында карантиндік жағдайға байланысты Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тисті жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, аудан аумағындағы барлық 977 кәсіпкерлік нысандар, оның ішінде базарлар, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық нысандар, ойын-сауық орталықтары, автожуу бекеттері, моншалар мен сұлулық салондары сынды кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Оған себеп, карантин режимінің екі аптаға созылуы мен талаптардың күшейтілгендігі.

Қазір аудан әкімдігі жанынан тиісті мамандардан құралған 14 мониторингтік топ бар. Олар күнделікті, тұрақты түрде сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Одан бөлек, Қаратау ауданы аумағындағы «Нұрсәт» шағын ауданы аумағындағы 35 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен кіреберістері жұқпалы  індетке қарсы залалсыздандырылды. Сонымен қатар, қоқыс контейнерлерін мекеме тарапынан кестеге сәйкес залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

Айта кетейік, Қаратау ауданында тұрғын үй аулалары мен көшелерді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ол үшін жұмысшылар арнайы киімдермен және құрал — жабдықтармен қамтылған

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.