Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдады. Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі демалыс.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 13.30-ға дейін брондау қажет. ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық бетперделердің болуы талап етіледі.

Азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алады. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік беріп отыр. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады. Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.