Шымкентте «COVID-19 Шымкент» арнайы сайты ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Əйтеновтің қатысуымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы дəрі-дəрмек бағасын бақылау, сондай-ақ ашылған провизорлы орындар жəне өкпені механикалық желдету аппаратымен науқастарды қамтамасыз ету жөнінде өткен брифингте айтылды.
Қала әкімі осы аптаның соңында «Covid-19 Шымкент» сайтын ашатындықтарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлының айтуынша, аталған сайтта эпидемиологиялық жағдай кезіндегі барлық ақпараттар жедел түрде тарқатылмақ. Бұл ретте қалада арнайы ақпарат берілетін портал жайлы айтқан әкім қала тұрғындарын ресми мәліметтерге сүйенулерін сұрады.
Брифинг барысында Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына 5 шілде күні енгізілген қатаң шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Ресми деректерге сүйенсек, Шымкент қаласында дәл бүгінгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді.Яғни, науқастар саны күрт артқан.