Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада. Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында тағы бір кислород өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қаладағы кислород өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Оның айтуынша, жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында оттегі аппараттары жетіспей жатқандығы туралы бірнеше рет айтылған . Осыған байланысты қала әкімі Мұрат Әйтенов сала басшыларына осы мәселені жедел шешу жөнінде тапсырма берген болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Өтінеміз, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!
Мұнда өз атыңызды жазасыз.