Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов»Нұрсәт» шағынауданын аралау барысында осы аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру бойынша тиісті мекемеге тапсырма берген болатын.
Нәтижесінде қазіргі таңда «АРТ құрылыс» ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды қолға алған болатын. Бұл тірліктерді тиянақты әрі сапалы атқару мақсатында қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған. Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бүгінде сол мәселе бойынша нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты бесқұдық таспен кейінгі қабаттары жауын-шашынға төзімді материалмен қаптау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары қала күніне орай, яғни маусым айында аяқталады деп жоспарлануда. Міне осылайша «Нұрсәттегі» көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеті жаңаратылуда. Ең бастысы тұрғындар талап тілектерінің орындалып жатқандарына қуанышты және қала әкіміне алғыстарын білдіруде.